2022 жылдың 13-16 сәуір аралығында дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Павлодар қаласында шахматтан Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысының команда құрамасы Семей қаласының, Бородулиха, Тарбағатай аудандарының, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушыларынан құралды.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте:
II орын - Думанұлы Сұлтанбейбарыс, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ, 6 сынып оқушысы, Семей қаласы;
III орын - Дәулетқанов Сырым, «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, 8 сынып оқушысы.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!