Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 18-21 сәуір аралығында Өскемен және Семей қалаларында «Ustudy» орталықтары базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері шығармашылық қабілеттерді дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша прокторинг жүйесін қолдана отырып, «Oqylyq» платформасында электрондық форматта өткізіледі.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаз оқушылары, сондай-ақ олимпиада резервінің мүшелері қатысады.
Келесі мекен-жайлар бойынша оқиғаны жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз:
- Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 86/2;
- Семей қ., Тұрлыханов даңғ., 30
Қосымша ақпарат: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: vk_daryn@ mail.ru.