Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 11-15 сәуірі аралығында Өскемен қаласында Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасы өтті.
Облыстық жарыстарға мектепішілік және қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 50 оқушы қатысты.
Ұлдар мен қыздар арасындағы жалпы командалық есеп бөлек есептелді.
Жүлделі орындарға ие болғандар:
Қыздар:
1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
2 орын – Үржар ауданының құрама командасы;
3 орын – Семей қаласының құрама командасы.
Ұлдар:
1 орын – Үржар ауданының құрама командасы;
2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
3 орын – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!