+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Зырян ауданында өткізген көшпелі семинарының ҚОРТЫНДЫСЫ
24 Қыр, 09:32

20 қыркүйек 2012 жылы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Зырян ауданында «Қалалық және аудандық білім беру бөлімдері жағдайында оқушылардың дарындылықтарын анықтау мен дамыту барысында психолого-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» атты көшпелі семинар өткізді.cut

Бұл шара Зырян ауданында дарынды оқушыларды қолдау және дамыту орталығының ашылуына орай болып өтті.

Семинарға 63 білім саласында жұмыс жасайтын 36 мектептен (аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ғылыми жұмыстар жөніндегі директорлардың орынбасарлары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер) өкілдер қатысты.  

Дарынды оқушыларды қолдау және дамыту орталығының салтанатты ашылуында Зырян аудандық білім беру бөлімінің бастығы С.С. Винивитин, п.ғ.к., Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары И.С.Стеблецова құттықтау сөздерін арнады.

Шараның құрметті қонақтары Қазақстан-Француз орталығының өкілдері: А.В. Ахаев – президент, п.ғ.д., профессор, академик, Халықаралық ФИДЖИП федерациясы мен КОНКОРД академиясының Қазақстан бойынша Вице- президенті, дарынды балалар Еуропалық ассоциациясының Қазақстан бойынша ЕВРОТАЛАНТтың бас үйлестірушісі; Н.В. Ахаева – п.ғ.к., дарынды балаларға арналған облыстық валеологиялық мамандандырылған мектеп- кешенінің директоры, Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері; А.А. Вотинцев – Қазақстан- Француз орталығының ақпарат және технология бөлімінің басшысы қатысты.

 Семинардың практикалық бөлімінде «ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мен Зырян аудандық білім бөлімінің дарынды оқушыларды анықтау мен дамытуда бірлесіп жұмыс атқаруы» жайында И.С. Стеблецова сөз сөйледі. Ауданда оқушылардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасалып жатқандығын, осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың қортындысы мен нәтижесіне сараптама беріп, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы кездесетін негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы атап өтті.

«Халықаралық ЖИПТО жобасының Шығыс Қазақстан облысы білім беру жүйесіне енгізілу нәтижесі туралы» А.В. Ахаев баяндама жасады. Ол халықаралық жобаның мазмұнын, әр түрлі жастағы балалардың дарындылықтарын ашу мен дамытуға мүмкіндігі, Шығыс Қазақстан облысы білім мекемесі мен өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының бірлесіп жобаны іске асырудағы жұмыс нәтижесі жайында айтып өтті.

Қортындылау кезеңінде барлық қатысушылар көшпелі семинардың өзектілігін, мазмұндылығын атап өтіп, Зырян ауданында осы іспеттес семинарларды жиі ұйымдастырудың  керектілігі жайында тілектерін білдірді.