2022 жылғы 7-12 сәуір аралығында дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Тараз қаласында спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасы өтті.
Шығыс Қазақстан облысы атынан Өскемен қаласы, Глубокое және Шемонаиха аудандарының облыстық, аудандық және мектепішілік кезеңдерінің жеңімпазы болған 16 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО қыздар арасында 1- орынды және ұлдар арасында 1- орынды жеңіп алып, нағыз көшбасшы атанды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!