2022 жылғы 7-10 сәуір аралығында Тараз қаласында Қазақ күресінен Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасы өтті.
Мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс ұлдар мен қыздар арасында өтті.
Шығыс Қазақстан облысының намысын мектеп, аудандық және облыстық кезеңдердің жеңімпаз -18 оқушы (9 ұл, 9 қыз) қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте:
II орын - Мержанов Ерасыл,Семей қаласы, «№ 35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы;
III орын - Илина Даулеткановна, Аягөз ауданы, «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 9 сынып оқушысы;
III орын - Айлана Кайраткызы, Өскемен қаласы, «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ, 8 сынып оқушысы;
III орын - Нұрахметов Ерасыл, Семей қаласы, «№ 35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 9 сынып оқушысы;
III орын - Ескендирова Жасмина, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, 10 сынып оқушысы;
III орын - Даирбекова Мадина, Семей қаласы, «№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы.
Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы қыздар арасында ІІІ орынға ие болды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

