+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Асық ату және Бес асық бойынша Қазақстан оқушыларының XI жазғы Гимназиадасының қорытындысы
12 Сәу, 15:35

2022 жылғы 8-11 сәуір аралығында Тараз қаласында Асық ату және Бес асық бойынша Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Жарыстар, туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы бекітілген ережелері бойынша және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұлдар үшін «Асық ату» (бес табан), қыздар үшін «Бес асық» (қаптақыл) ережелері бойынша жеке-командалық болып өткізілді.

Жарысқа қатысуға 2005-2006 жылы туған және одан кіші жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілді.

Шығыс Қазақстан облысының атынан мектепішілік, аудандық және облыстық кезеңдердің жеңімпаздары – Тарбағатай ауданының 6 спортшысы өз өнерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Көктүбек орта мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы Манапов Әділ және «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, 6 сынып оқушысы Маратова Гүлжан «Үздік ойыншы» атанды.

Спортшыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!