+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Республикалық жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу туралы
12 Сәу, 12:18

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 28 сәуірде республикалық жас суретшілердің  шығармашылық «Бояулар құпиясы» (бұдан әрі - Байқау) байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 10 - 17 жастағы (18 жасқа дейін) оқушылары қатыса алады.

Мақсаты: жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығына тәрбиелеу.

Осыған орай, қалалармен аудандар бойынша білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп директорларының қолы қойылған байқауға өтінімдерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2022 жылдың  22 сәуіріне дейін жіберу қажет.