+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу туралы
12 Сәу, 11:51

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  2022 жылғы 28 сәуірде техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізеді.

Жарысқа аудандық, қалалық жарыс кезеңдерінің жеңімпаздары - жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11 - 17 жас (18 жасқа дейін).

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту,тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп директорларының қолы қойылған жарысқа өтінімдерді және ережеге сәйкес талап етілген материалдарды texno_otdel@mail.ru электрондық мекенжайына 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін жіберуді сұрайды.