+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері
12 Сәу, 09:45

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Жарыс) мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

2. Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту,тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

3. Жарыстың міндеттері:

  1. облыстағы білім алушылар мен педагогтардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
  2. техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
  3. балаларды инновациялық ғылыми - техникалық шығармашылыққа тарту;
  4. инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;
  5. техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;
  6. топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
  7.  іс - шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

4. Жарыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

5. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын жарыстың ұйымдастырушылары қалыптастырады.

2. Байқауға қатысушылар

6. Жарысқа аудандық, қалалық жарыс кезеңдерінің жеңімпаздары - жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11 - 17 жас (18 жасқа дейін).

3. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі

7. Байқау 2022 жылғы 28 сәуірде қашықтықтан өткізіледі.

8. Әр аудан/қала аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары арасынан 1 команданы (10 адам) қамтамасыз етеді.

9. Нысанға сәйкес қатаң түрде толтырылған және аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімді (қосымшаға сәйкес) texno_otdel@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 24 сәуіріне дейін жіберу қажет.

10. Өтінімге қоса:

1) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А., туған жылы, сыныбы, оқу орны, тұрғылықты мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

4. Байқауды өткізу шарты

11. Жарыс үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші  - қалалық, аудандық;

2) екінші - облыстық;

3) үшінші (қорытынды) - республикалық.

12. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;

2) 1:10 масштабта багги  жарысы (4wd). Багги -10Э;

3) багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.

2. Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу:

1) Production - 32;

2) Production - 24.

3. Әуе модельдері:

1) F-3-P моделі (пенолет);

2) кордтық F-2-В;

3) кордтық, контурлық жартылай көшірме;

4) квадракоптер.

4. Кеме модельдері:

1)F- 4 - В немесе F-4- С (бірмодель);

2) F-3-Е бағыты бойынша FSR – ЕСО - MINI STANDART;

3) Ф -2 - А;

4) F-3-Е бағыты бойынша FSR- ЕСО - STANDART.

5. Зымыран модельдері:

1) S6А - стример;

2) S9А - ротошют.    

13. Қашықтық форматта жоғарыда көрсетілген модельдердің жарыстарын өткізу шарттары (Радиомен басқарылатын көлік модельдері, Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу, Кеме модельдері, Әуе модельдері):

1) әрбір қатысушы MPEG4, AVI форматында фото және бейнетүсірілім ұйымдастыруы тиіс;

2) модельді құрудың бүкіл процесін бейнеге түсіру керек (басынан аяғына дейін) және https://www.youtube.com арнаға орналастырып, сілтемесін texno_otdel@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек;

3) сонымен қатар, қазылар алқасы мүшелерінің қатысушыларды толық бағалауы үшін модель жасалған сәттен бастап 4 фотосурет жасап texno_otdel@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек;

4) модельдерді іске қосудағы бастау сәтін бейнеге түсіріп, https://www.youtube.com арнасына орналастырып, сілтемені texno_otdel@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.

Қашықтық форматта Жарыстың (Зымыран-модельдік) түрін өткізу шарттары:

1) Моделдерді іске қосуды бастау сәтін бейнеге түсіру: ашу сәті ротошюта немесе стример, жерге тигенге дейін зымыранның парашют уақытын белгілеп https://www.youtube.com арнаға орналастырып, сілтемені texno_otdel@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек;

2) модельді құру процесін басынан аяғына дейін видеоға түсіріп, https://www.youtube.com арнаға орналастырып, сілтемені электрондық texno_otdel@mail.ru поштаға жіберу керек;

3) модель жасалған сәттен бастап қазылар алқасы мүшелерінің қатысушыларды толық бағалауы үшін 4 фотосурет жасап texno_otdel@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.

14. Қазылар алқасы жарыс номинацияларын ФАС, ФАМС, NAVIGA ережелеріне сәйкес өзгерістер мен толықтырулармен бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

5. Жарысқа қатысушыларды марапаттау

15. Жарыс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Жарыс қорытындылары http://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

6. Жарысты қаржыландыру

16. Жарыстарды өткізу кезінде ұйымдастыруға арналған шығындар ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.