2012 жылдың 21 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы білім берудегі жаңа технологиялар орталығы мен Өскемен қаласының ресурс орталығының қолдауымен «Оқушылардың іздемпаздық әрекеттерін ұйымдастыру» атты оқыту он-лайн дәрісін өткізді.
Шараның мақсаты: мұғалімдерге интерактивтік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың іздемпаздық жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Интерактивтік тәртіптегі дәрістің тыңдаушылары облыстың барлық қалалары мен аудандарының қызметкерлері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен облыстық дарынды балаларға арналған мектептің үйлестірушілері және дарынды балалармен жұмыс жасайтын жауапты адамдар, сондай-ақ ізденімпаздық әрекеттермен шұғылданатын оқушылар.
Он - лайн дәрісіне педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Александровна Завалко қатысты. Ол «дарындылық» туралы ұғымға сараптама жасап, дарынды балаларды оқытудың әр түрлі нұсқалардың шарттарына тоқталды. Профессор ізденімпаздық әрекеттердің құрылымына, оқушылар ортасында ұйымдастырудың ерекшелігіне тоқталып, жиі кездесетін жетіспеушіліктерді атап өтіп, оларды жоюдың жолдарына назар аударуларын ескертті.
Он-лайн дәрісі тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырды: дәрістің тақырыбы бойынша барлық білім бөлімдерінен, мектептерден сұрақтар қойылды.
Мысалы «Ғылыми жобаларды жазу үшін ғалымдардан ғылыми кеңес қалай алуға болады?»; деген сұрақ Жобаны қорғау кезіндегі психологиялық келеңсіздіктерден қалай өтуге болады?»; «Оқушылардың ғылыми жобалар жарысына қатысуы үшін мектептерден, аудандардан қатысушылар санын артттыруға бола ма?»; «ғылыми ізденімпаздық жұмыстың тақырыбын қалай дұрыс таңдауға болады?»; «Дарынды балалардың ізденімпаздық жұмыстарын тәжірибеде қалай қолдануға болады?»; «Ғылыми ізденімпаздықтың қандай әдістері бар?» және т.б.
Дәріске қатысушылардың төмендегідей тілектері айтылды:
- тәжірибе алмасу мақсатында - әр түрлі деңгейдегі ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен оқушыларға он-лайн конференциясын ұйымдастыру;
- келеңсіздіктерді жою мақсатында іріктеу кезеңінде ғылыми жобаларға рецензия алу мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
- бастауыш және орта буын оқушыларынга ізденімпаздық жұмыстармен
айналысуға көбірек мүмкіншілік беру;
- оқушылардың дарындылығын айқындап және дамыту үшін «Дарын» орталығының қызметімен бірлесе отырып, жұмыстардың түрлерімен үлгілерінің ауқымын кеңейту;
Жұмыс барысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, шараның өзектілігімен мазмұндылығына алғыстарын айтты.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы он-лайн және қашықтықтан оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын «Дарын» оқыту порталынан шетел және Республикалық ЖОО-ның ғалымдарымен өткізуді жоспарлап отыр.