+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық жас суретшілердің қашықтық шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
11 Сәу, 17:15
1. Жалпы ережелер
 
1.1. Осы Ережелер облыстық «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық шығармашылық байқауының қашықтық кезеңінің (бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.
 
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
 
1.3. Байқаудың мақсаты:
- жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығына тәрбиелеу;
- қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру;
- қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.
 
2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
 
2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті). 
 
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
- Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
 - Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;
- талдайды және қорытындылайды.
 
2.3. Қазылар алқасы Байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
 
 
3. Байқау өткізу мерзімі мен тәртібі
 
3.1. Байқаудың облыстық кезеңі қашықтықтан 2022 жылғы 28 сәуірінде өткізіледі.
 
3.2. Шығыс Қазақстан облысының әр аудан/қаласынан қатысушылардың жалпы саны – 8 оқушы.
 
3.3. Байқауға аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздарының 8 үздік іріктеу жұмыстары жіберіледі.
 
3.4. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әр номинация бойынша - 1 жұмыс).
 
3.5. Байқауға қатысуға өтінімдер басшының қолымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінен қабылданады! 
 
3.6. Тікелей жалпы білім беретін мектептерден және қосымша білім беру ұйымдарынан және телефон арқылы жіберілген өтініштер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
 
3.7. Нысанға сәйкес қатаң түрде толтырылған және аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімді (1 қосымшаға сәйкес), сондай-ақ байқау жұмыстарын rhet-2018@mail.ru  электронды поштасына 2022 жылғы 22 сәуіріне дейін жіберу қажет.
 
3.8. Өтінімге қоса тіркеледі: 
- қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж,  туған жылы, 2022 жылдың 1 мамырындағы толық жылы, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), мекенжайының адресі, телефон нөмері, байқау жұмысының атауы, номинация, жас санаты, жоба жетекшісінің Т.А.Ж., жетекшісінің телефон нөмері);
- конкурстық жұмыстардың жоғары сапалы фотосуреттері және осы суретті жасау процесін көрсететін фотосуреттер;
- қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
 
4. Байқауға қатысушылар
 
4.1. Облыстық Байқауға аудандық/қалалық турдың жеңімпаздары жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас (18 жасқа дейін) аралығындағы білім алушылары келесі ЖАС САНАТТАРЫ бойынша қатысады: 
1) 10-13 жас, 
2) 14-17 жас.
 
4.2. Байқаудың аймақтық кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.
 
4.3. Байқаудың  ұйымдастырушылары байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.
 
5. Байқаудың өткізу тәртібі және шарты
 
5.1. Байқау екі номинация бойынша өтеді.
1.  Номинация «Менің елім - менің жерім»:
- классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж) - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;
- тақырыптық натюрморт (халықтық тұрмыстық заттардың немесе халық кәсіпшілігі мен қолөнер бұйымдарының бейнесі) - әр жас санатынан – 1 қатысушы;
2) Номинация «Палитра талантов».
- авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;
- сюжеттік композиция («Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым») - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан.
 
5.2. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар.
Барлық жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу, суретке түсіру немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (JPEG форматы) түрінде қабылданады. Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың аталуы, орындау техникасы, жұмыстың мазмұнын түсіндіру.
Қатысушылар сурет салу үдерісін көрсететін фотосуреттерді ұсынады.
Жұмыстың ең аз көлемі: 30х40 см-ден, бірақ 55х65 см-ден аспайды. Барлық жұмыстарға қол қойылуы керек (аты-жөні) және көлемі 12 см х 4,5 см жапсырма болуы керек. Жұмыстың төменгі оң жақ бұрышында автордың айқын оқылатын аты, тегі, жасы жазылуы тиіс. Файл параметрлері: jpg форматы. Қатысушылар сурет салу үдерісін көрсететін фотосуреттерді ұсынады.
Жұмыстар байқау номинацияларында кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады.
 
5.3. Бағалау критерийлері:
- өзіндік ерекшелігі;
- тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру;
- идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі;
- көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.
- күрделілік дәрежесі;
- ой ерекшелігі;
- көркемдік мәнерлілік (композициялық және түстік шешім);
- сындарлы шешімнің бірегейлігі.
 
6. Байқаудың қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
 
6.1. Байқаудың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
 
6.2. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, сертификаттардың электронды нұсқалары 2022 жылғы 20 мамырында www.shyqysdaryn.kz сайтында жүктеу алу мүмкіндігімен орналастырылады. 
Анықтама телефондары: 8 (72732) 75-26-91.