+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстандағы балалар жылына арналған облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының қорытындысы
11 Сәу, 11:18

2022 жылғы 9 сәуірде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді күшейту, жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» базасында облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізді.

Жарысқа әскери-спорттық ойынның жалпы білім беретін мектептерінің іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған командалары – 9-10 сынып оқушыларынан 130 оқушы қатысты.

 Жарыс бағдарламасы келесідей болды:

  • саптық байқау;

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Ұрпақтар ізімен...» сахналанған  әндер байқау-сайысы;

  • белтемірге тартылу;

  • арқада жатып денені көтеру-жеке қатысу;

  • тарихи-іздестіру зерттеу жобасын қорғау;

  • «жауынгерлік  парақ» (қабырға газеті) байқауы;

  • «әскери  техника – өз қолыңмен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.

 

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «№8 орта мектеп» КММ командасы, Алтай қаласы;

2 орын – «№37 орта мектеп» КММ командасы, Семей қаласы;

3 орын – Аягөз ауданының «№6 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ командасы.

Жарыс қорытындысы бойынша I, II, III дәрежелі номинациялар бойынша 21 қатысушы дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

I жалпыкомандалық орын алған команда Республикалық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!