2022 жылдың 4 – 8 сәуір күндері Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан облыстық қысқы спорт түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» жабық хоккей модулінің базасында Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың 100 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға жаппай тарту, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру және денсаулығын нығайту, Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейді танымал ету.
Жарысқа 2012-2013 ж. т. 136 жасөспірім қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жетті:
А Дивизионы:
1 орын – Торпедо командасы 1 (2012 ж. т.) Өскемен қаласы;
2 орын - Торпедо командасы 2 (2012 ж. т.) Өскемен қ.;
3 орын - Торпедо командасы 1 (2013 ж. т.) Өскемен қаласы.
Б Дивизионы:
1 орын - Риддер қаласының құрама командасы;
2 орын - Ұлан ауданының құрама командасы;
3 орын - Курчатов қаласының құрама командасы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттар алды.
Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!



