2022 жылдың 7-8 сәуірінде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың демеушісі – Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры.
Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қолдау мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі турдан тұрды: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетіп, виртуалды тәжірибелер өткізді.
Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен – 18; ІІ дәрежелі дипломмен – 24; ІІІ дәрежелі дипломмен – 48 оқушы марапатталды. Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М. Төлеген олимпиада жеңімпаздары болған 11 сынып түлектері – Тарбағатай ауданының Ақмектеп орта мектебінің оқушысы Балжан Бауржанқызына «Химия» пәні бойынша, Алтай ауданының Зубовка орта мектебінің оқушысы Вероника Беловаға «Биология» пәні бойынша 4 жылдық оқу грантын табыс етті.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Сәттілік және алдағы жеңістер тілейміз!




