Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.
Негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резервін құру.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 200-ге жуық оқушысы қатысады.
Олимпиаданың облыстық кезеңі Республика бойынша бір уақытта ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні сағат 10.00-де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 ) өтеді.