2022 жылдың 29-31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық қашықтық форумына қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 10 жеңімпазы қатысты.
Байқаудың мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы ІІІ жалпыкомандалық орынға ие болды.
Жеңіске жетуге келесі қатысушылар өз үлестерін қосты:
«Мамандық бар» номинациясы бойынша III орын - Серікболова Гүлназ (Аягөз ауданы, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ, 8 сынып);
«Менің кәсібім - менің бизнесім» номинациясы бойынша ІІІ орын - Қазбекова Айназ (Катонқарағай ауданы, «Шығармашылық үйі» КММ, 9 сынып)
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!