+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақстандағы Балалар жылына арналған өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
06 Сәу, 17:50

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 9 сәуірде Қазақстандағы балалар жылына арналған офлайн-форматта жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 15-16 жас аралығындағы 9-10 сынып оқушылары арасында «Жас Ұлан» облыстық әскери – спорттық ойыны өткізіледі.

Әскери-спорттық ойынның мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу.

Ойын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» КММ базасында,  к-сі, Семей қ., Шугаев к-сі, 159 өткізіледі.

Облыстық ойын бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

1 кезең – саптық  байқау;

2 кезең – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Ұрпақтар ізімен...» сахналанған  әндер байқау-сайысы;

3 кезең –белтемірге тартылу;

4 кезең – арқада жатып денені көтеру-жеке қатысу;

5 кезең – тарихи-іздестіру зерттеу жобасын қорғау;

6 кезең – «жауынгерлік  парақ» байқауы (қабырға газеті);

7 кезең – «әскери  техника – өз қолыңмен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.

Облыстық ойынның қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтайды.

Жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық ойынның қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)70-15-16 телефоны бойынша хабарласуға болады.