Шығыс Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылдың 31 наурызынан 4 сәуіріне дейін өткізілген жас музыканттардың - Шығыс Қазақстан облысының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық қашықтық фестиваль-байқауына қатысты.
Фестиваль-конкурс Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) бөлімдерінің солистері мен ұжымдары арасында өткізілді. Солистер үш жас санаты бойынша өнер көрсетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша біздің команда келесі нәтижелерді көрсетті:
Солистер-қазақ халық аспаптары:
Гран-при: Ақылтай Әли – «Өнер мектебі» КМҚК, Жарма ауданы (домбыра, орта жас тобы).
І орын:
- Садуова Сания, «Татар өнер мектебі» КМҚК, Семей қ. (домбыра, орта жас тобы);
- Есен Мақсат, «Өнер мектебі» КМҚК, Жарма ауданы (шертер, кіші жас тобы).
ІІІ орын:
- Марат Ботагөз, «№ 1 Балалар музыка мектебі» КМҚК, Семей қ. (қобыз, үлкен жас тобы);
- Мейрханов Асанәлі, «Бесқарағай аудандық Балалар өнер мектебі» КМҚК (домбыра, кіші жас тобы).
Солистер-орыс халық аспаптары:
Гран-при:
- Дәулетов Мейір – «Татар өнер мектебі» КМҚК, Семей қ. (баян, аға жас тобы).
І орын: Лазо Николай, «№ 1 Балалар музыка мектебі» КМҚК, Семей қ. (балалайка, үлкен жас тобы);
ІІІ орын: Бекметов Богдан, «Татар өнер мектебі» КМҚК, Семей қ. (гитара, орта жас тобы).
Ансамбльдер:
ІІІ орын: Семей қ. «Балалар өнер мектебі» КМҚК - домбыра ансамблі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, барлығына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!