+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақстандығы балалар жылына арналған «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалын өткізу туралы
05 Сәу, 12:58

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 9 сәуірде Семей қаласында Қазақстандығы балалар жылына  арналған «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалын өткізу жоспарлануда.

Ойынның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту.

Облыстық финал Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» КММ базасында штаттық режимде өтеді, мекен-жайы Семей қ., Шугаев к-сі, 159.

Финалға қатысуға өтінімдерді 2022 жылдың 7 сәуір, сағат 13:00-ге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, e-mail: or-vpv@mail.ru мекен-жайы бойынша жіберулеріңізді сұраймыз, тел. 8(7232)701516.