«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы онлайн режимде «Туған жер. Туған ел.Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен10-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 120 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:
1 айналым – Қазақстан тарихы пәні бойынша (Онлайн тест).
2 айналым – презентацияны қорғау тақырыптары Ұлы даланың тарихи келбеті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 55 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар – 12, ІІ дәрежелі – 20, ІІІ дәрежелі - 23).
Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Болашақта тағыда жеңістер тілейміз!