+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
7-8 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология, информатика пәндерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу туралы
05 Сәу, 12:35

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, 7-8 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология, информатика пәндерінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілетіндігін хабарлайды.    

Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:

I кезең - аудандық (қалалық) іріктеу - 5 сәуір 2022 ж.,сағ.10.00-де;

II кезең - облыстық - 13 сәуір 2022 ж.,сағ.10.00-де;

III кезең - республикалық (қорытынды) - 11-13 мамыр 2022 ж.

Квота әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен әр пәннен 7-8 сыныптардан бір оқушыдан.