+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан мектеп оқушыларының спортшыларын - волейболдан «Шұбар доп» (ұлдар) және баскетболдан «Алтын доп» (ұлдар мен қыздар) Республикалық ұлттық мектеп лигасының қатысушыларын қарсы алады
05 Сәу, 12:27

2022 жылдың 1-8 сәуірі аралығында Өскемен қаласында Республикалық Ұлттық Мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» (ұлдар) және баскетболдан «Алтын доп» (ұлдар мен қыздар) республикалық жарыстары өтуде. Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары Қазақстан оқушылары үшін спорттық іс-шаралар күнтізбесіндегі ең  атаулы және  көрнектілердің бірі болып табылады!

Салтанатты ашылу рәсімі 2 сәуірде ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, ШҚО білім басқармасы өкілдерінің, Шығыс Қазақстан спорт ардагерлерінің, Қазақстан Республикасының жетекші спортшы-жаттықтырушыларының қатысуымен өтті.

Жарысқа мектеп, аудандық және облыстық кезеңдердің ең мықты 42 Республикалық командалары қатысуда.

381 оқушыны қамтитын - 9-11 сыныптар:

- волейболдан «Шұбар доп» (ұлдар) - 14 команда (131 оқушы);

- баскетболдан «Алтын доп» (ұлдар) - 15 команда (150 оқушы);

- баскетболдан «Алтын доп» (қыздар) - 13 команда ( 100 оқушы).

Алда қатысушыларды бірнеше күн қызықты спорттық жарыстар, тартысты жекпе-жек, әділ күрес күтуде. Спортшыларға жарқын, әдемі, ымырасыз күрес тілейміз!