+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиаданың өткізу туралы
05 Сәу, 11:40

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 7-8 сәуірде 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен  Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптарының 200-ге жуық оқушылары қатысады.

Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 турда (теориялық, практикалық) өткізіледі – ағымдағы жылдың 7 сәуірі.

Салтанатты жабылу рәсімі 8 сәуір күні сағат 10.00-де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің залында (Қазақстан көшесі, 55) өтеді.