Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылдың 13-14 қазанында мектеп оқушылары арасында облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізеді.
Турнирдің өткізу мақсаты - жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау.
Шахмат айналымына қатысушылар топ мөлшеріне байланысты жаттықтырушы жетекшілерімен бірге жіберіледі: 1 топ: 4-6 сыныптар, 2 топ: 7-8 сыныптар, 3 топ: 9-11 сыныптар. Турнир жеңімпаздары жеке сынақ бойынша анықталады.
Қатысушылардың келу күні – 12 қазан, қайту күні – 14 қазан.
Шахмат айналымына қатысу үшін тапсырыстар 2012 жылдың 5 қазанына дейін төмендегі үлгі бойынша (Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 мекенжайында қабылданады. Байланыс тел/факс 8 (72 32) 701-144, 700-609,
эл. адресс Vk_daryn@mail.ru.
Турнирдің өткізілу ережесі http://shygysdaryny.kz/ саитында жарияланған.
|
Қатысушының АЖТ |
Жынысы |
Туған күні, жылы |
Мектеп |
Сынып |
Біліктілігі, дәрежесі |
Жетістіктері сыйлықтары |
|
|
|
|
|
|
|
|