+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
04 Сәу, 17:18

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Өскемен қаласында спорттық бағдарлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Команда құрамы: 8 ұл, 8 қыз.

Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 16, ІІ дәрежелі дипломмен - 16, ІІІ дәрежелі дипломмен - 16 қатысушы марапатталды.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Ұлдар арасында:

1 орын - Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын - Шемонаиха ауданының құрама командасы;

3 орын – Аягөз ауданының құрама командасы.

Қыздар арасында:

1 место – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 место – Глубокое ауданының құрама командасы;

3 место – Аягөз ауданының құрама командасы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!