Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 28 наурыз – 1 сәуір аралығында Өскемен қ. жаппай спортты дамыту бойынша орталығы базасында шағын футболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.
Команда құрамы: 12 ұл, 12 қыз.
Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 24, ІІ дәрежелі дипломмен - 24, ІІІ дәрежелі дипломмен - 24 қатысушы марапатталды.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Ұлдар арасында:
1 орын - Глубокое ауданыныңқұрама командасы;
2 орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» командасы Өскемен қаласы;
3 орын – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі командасы.
Қыздар арасында:
1 место – Ұлан ауданының құрама командасы;
2 место – Үржар ауданының құрама командасы;
3 место – Өскемен қаласының құрама командасы.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!