+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Елбасы Медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау
04 Сәу, 17:08

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында күміс және қола дәрежедегі кезекті жеңімпаздар марапатталды.

Жобаның мақсаты – қиындықтарды жеңе алатын, өзін түрлі салада жүйелі түрде дамытатын, басқаларға қамқорлық жасайтын, алға қойған мақсат пен жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Бағдарламаның нышаны жетістіктің 7 жебесі – жастардың қабілеттерін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухы мен тәнін шыңдауға, жаңа ұрпақты бәсекеге қабілетті етуге көмектесетін 7 қызмет бағыты. Бағдарламада 3 деңгей бар: қола, күміс және алтын.

Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, мақсат қойып, оған жүйелі түрде жетуді үйренеді. Сондай-ақ олар салауатты өмір салтын ұстануға және өзін-өзі үздіксіз дамытуға ұмтылады.

Шығыс Қазақстан облысында жобаның барлық шарттарын сәтті орындаған 4 күміс және 260 қола жүлдегер «Елбасы медаліна» ие болды. Шараға қала, аудан әкімдері мен орынбасарлары қатысты. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы қола медаль иегерлер саны бойынша көш басында тұр.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!