+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасын қорытындысы
01 Сәу, 16:29

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 30 наурыз - 1 сәуір аралығында Өскемен қ. облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында асық ату және бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы өтті.

Команда құрамы: 5 ұл, 5 қыз.

Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 10, ІІ дәрежелі дипломмен - 10, ІІІ дәрежелі дипломмен - 8 қатысушы марапатталды.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Ұлдар арасында:

1 орын - Тарбағатай ауданыныңкомандасы;

2 орын – Өскемен қаласының командасы;

3 орын – Ұлан ауданының командасы.

Қыздар арасында:

1 орын - Тарбағатай ауданыныңкомандасы;

2 орын – Ұлан ауданының командасы;

3 орын – Өскемен қаласының командасы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!