+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалардың көктемгі онлайн демалысының қорытындысы
01 Сәу, 16:24

2022 жылғы наурыздың 19 мен 31 аралығында «shko_online_kanikuly» инстаграм парақшасында «Қазақстан балалары - көктем шақырады!» онлайн көктемгі демалысы ұйымдастырылды. Онлайн режимінде өткен көктемгі демалыс 4 000-нан астам оқушыны қамтыды. Демалыс бағдарламасы оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыруды дамытуға және жетілдіруге бағытталды.

Демалыс бағдарламасында:

- қосымша білім беретін мұғалімдермен күнделікті интерактивті үйірме сабақтары және мастер-класстар көрсетілді: тоқу өнері, оригами, аспаздық шеберлік сабақтары: «Наурыз- көже», «Той қазан», «Түркі халықтарының ұлттық тамақтары»;

- ежелгі әдет-ғұрыптарды зерделеу және жаңарту мақсатында «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы күні», «Наурыз-history», «Қазақтың ұлттық аспаптары», «Ұлттық киім ұрпаққа мұра» туралы танымдық бейне материалдар көрсетілді;

- зияткерлік және шығармашылық байқаулар, қызықты викториналар, «Білгірлер алаңы», «Мейірімділік әлемді құтқарады», «Жасыл ел», «Аяулы алақан», «Құстарға тамақ бер» акциялары мен іс-шаралар жүргізілді;

- виртуалды клубта кітап оқу, фильмдер көру, театрлармен концерттерге онлайн бару; «Батырлар» тарихи фильмі, онлайн экскурсия «Ван Гогтың Амстердамдағы музейі», «Шығыс Қазақстан облысының көне-тарихы орындары», «Қазақ-фильм тарихы», сондай-ақ түрлі «Спорт mix» спорттық шеберлік сағаттары ұсынылды.

«Қазақстан балалары - көктем шақырады!» онлайн демалысы оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қалыптасуы мен дамуын, сонымен қатар балалардың рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбиесін, отбасылық құндылықтарды  нығайтуды, балалар мен отбасылар үшін қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыруды көздеді.