2022 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстандағы балалар жылына арналған суда құтқару көпсайысы бойынша IV облыстық турнир өтті.
Іс-шараға 8 команда - «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының, жас құтқарушылар клубтарының курсанттары қатысты.
Ережеге сәйкес жабық бассейнде 25 метрге жүзу және аралас эстафета өткізілді:
- құтқару кеудешесінде жүзу;
- құтқару буымен жүзу;
- құтқару шеңберімен жүзу;
- зардап шегушіні тасымалдаумен жүзу;
- жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.
Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
- I орын - Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» командасы;
- II орын - Семей қаласының «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» командасы;
- III орын - Өскемен қаласы білім бөлімінің «№23 орта мектеп» командасы.
Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!



