+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
31 Нау, 20:06

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 24-25 наурызы аралығында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер, 28-29 наурызы аралығында әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиадаға облыстың 9-11 сыныптарының 700 жуық оқушысы – аудандық/ қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Жыл сайынғы олимпиада жаратылыстану-математика цикл пәндері (математика, физика, химия, биология, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық цикл (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, Қазақстан тарихы, Құқықтану) пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында өткізілді.

Қатысушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың екі айналымының қорытындысы бойынша 356 қатысушы жеңімпаз атанды: 82 оқушы І дәрежелі дипломмен, 108 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 166 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Үздік олимпиадалық команда – 2022» номинациясы бойынша:

І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогімен:

- Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған  «Білім-Инновация» лицей командасы;

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей командасы;

ІІ дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласының командасы;

- Аягөз ауданының командасы марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

-  Зайсан ауданының  командасы;

-  Үржар ауданының командасы;

-  Күршім ауданының командасы;

- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы марапатталды.

«Үздік ауыл мектебі – 2022» номинациясымен Күршім ауданы, Күршім №1 орта мектебі және Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің командалары марапатталды.

«Үздік ауыл оқушысы – 2022» номинациясында Бородулиха ауданы, Н. Островский атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Шаукенов Амир және Абай ауданы Шәкәрім атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Кәріпбай Аружан марапатталды.

Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!

 Біз балаларымызға үздіктердің үздігі болуларына тілектеспіз!