+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Асық ату және бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
30 Нау, 14:59

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 28-30 наурыз аралығында Өскемен қ. облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында асық ату және бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.

Команда құрамы: 3 ұл, 3 қыз.

Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 6, ІІ дәрежелі дипломмен - 6 , ІІІ дәрежелі дипломмен - 6 қатысушы марапатталды.

6 спортшы жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын -  Тарбағатай ауданының құрама командасы;

2 орын – Ұлан ауданының құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласының құрама командасы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!