2012 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында III республикалық Махамбет оқулары өтті. Биылғы оқуларға республика бойынша 65 оқушы қатысты.
Республикалық Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді.
- «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Т. Айбергенов, Ф.Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
- «Ұлы арман» - Махамбеттің, Т.Айбергеновтың, Ф.Оңғарсынованың әндерін, күйлерін орындаушылар конкурсы;
- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы.
ІII республикалық Махамбет оқуларына қатысушылардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасының құрамында танымал ақын-жазушылар ҚР мәдениет және өнер майталмандары, ЖОО ғалымдары, журналистер болды.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысы бойынша келесі оқушылар қатысты:
1) Зайсан ауданындағы Шекарашы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Еркеназ Дүйсенбекова;
2) Өскемен қаласындағы Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің 9-сынып оқушысы Раушан Төлегенова;
3) Тарбағатай ауданындағы Өкпеті орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерсін Құрманғожин.
Байқаудың қорытындысы бойынша Еркеназ Дүйсенбекова мен Ерсін Құрманғожин ынталандыру номинациясы грамоталарымен марапатталды.
Алдағы уақытта шығармашылық табыстар және бұдан да жоғары нәтижеге жетулеріне тілектеспіз.