+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының жеңілатлетикалық кросс жарысын өткізу туралы
29 Нау, 12:07

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 25-26 сәуір аралығында Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының жеңілатлетикалық кросс жарысын өткізу жоспарлануда.

Басты мақсат – оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.

Ұлдар мен қыздар арасында командалық жарыстар өтеді: 5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар.

Командалар құрамы бір мектепте оқитын спортшылар санынан құрылады:

 

Команда құрамы

Жас санаттары

ұлдар

қыздар

Жаттықтырушы-өкілдері

5-6 сынып

3

3

2

7-8 сынып

3

3

2

9-11 сынып

4

4

2

 

 

Топтын жасы

Қашықтық

Бір күн

Ұлдар

Қыздар

5-6 классы (Ұ., Қ.)

500 м

500 м

7-8 классы (Ұ., Қ.)

1000 м

1000 м

9-11 классы (Ұ., Қ.)

2000 м

2000 м

 

Жарысқа мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Ережеге сәйкес талаптарды бұзбаған жағдайда, өздері оқитын мектептің атынан қатыса алады.

 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, бейіндік сыныптардың, спорт мектеп-интернаттарының және академиялардың командалары Мектеп лигасына қатысуға жіберілмейді.
 
Жарыстар үш кезеңде өтеді:
1 кезең – мектепішілік біріншілік (қаңтар-сәуір);
2 кезең – аудан/қалалық (қаңтар-сәуір);
3 кезең – облыстық (25-26 сәуір, Өскемен қ.).
 
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында пандемия кезінде COVID-19 барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы керек.
 
Жеңіл атлетикадан облыстық жарыстарға командалардың қатысуын растау (№1 Қосымшада), өткізу туралы есеп 1-ші (мектепішілік) және 2-ші (аудандық/қалалық) кезеңдері (№ 2 Қосымшада) 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы: Өскемен қ. Абай даңғылы, 21, 3-қабат, 302 кеңсе,e-mail: vk_ocfk@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады.
 
Байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары қол қойған дәрігер куәландырған өтінімдер аттестаттау комиссиясына өтетін жерге келген соң беріледі (№ 1 қосымшада).
 
Өтініммен бір мезгілде өкілеттік жөніндегі комиссияға мыналар ұсынылады:
1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушылар үшін – туу туралы куәлік);
2) оқу орнынан анықтама;
3) фотосуреті бар спортшының жеке картасы (№ 3 қосымшада).