ҚР Тұңғыш Президентінің «Саналы азамат» жобасының «Қоғамдық сананы жаңарту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының ««Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК Қазақстандағы Балалар жылына арналғанәскерге шақыруға дейінгі, әскерге шақыру және әскери жастар арасында суда құтқару көпсайысы бойынша IV облыстық түрнирін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Жарыс мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- жастарды әскерге шақыру, әскерге шақыруға дейінгі және әскердегі қысылтаяң жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындығын қалыптастыру;
- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәдениет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударуын қалыптастыру;
- жас ұрпақтың саналы және жауапты қарым-қатынас мәселелерінің жеке және қоғамдық қауіпсіздігін қалыптастыру;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- жас ұрпақтың физикалық дамуын жетілдіру.
Турнир 2022 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы,1/2, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өткізіледі.
Турнирдің дайындау және өткізу бойынша жалпы басшылығын ҚР ІІМ ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы»,Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімдігінің жас құтқарушылар мектебі қолдауымен жүзеге асырады. Турнир Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп–орталығы» КММ қолдауымен өткізіледі.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушылард ипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталады.
Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/701516 телефонына хабарласуға болады.