Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 01 сәуірінде «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының (бұдан әрі –Байқау) облыстық кезеңін қашықтық форматта ZOOM интернет-платформасында өткізілетіндігін назарларыңызға салады.
Байқауға қатысуға өтінімді және Ереже талаптарына сәйкес орындалған Байқау жұмыстарын 2022 жылғы 26 наурызына дейін texno_otdel@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.