+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді таны» жобасын іске асыру шеңберінде «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық Чемпионатын өткізу туралы
25 Нау, 18:47

ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 10-15 мамырында Шемонаиха қ. (оқу-жаттығу полигоны, «Марьин утес» жері) «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді таны» жобасын іске асыру шеңберінде «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық Чемпионатын (бұдан әрі – Чемпионат)  өткізу жоспарлануда.

Чемпионаттың мақсаты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету.

Тау, жаяу жүргінші және су туризмі техникасы бойынша құрама жарыстар, күрделіліктің 1-3 санаты.

Командалардың келуі 2022 жылғы 10 мамыр, мандаттық комиссияда тіркелу сағат 19.00-де, бас төрешілер алқасының команда өкілдерімен отырысы сағат 21.00-де.

2022 жылғы 11 мамырда сағат 09.00-де ашылуы.

Жабылуы, командалардың марапатталуы, кетуі 2022 жылғы 15 мамыр.

Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Чемпионат ашық жарыстар форматында өткізіледі.

Чемпионатқа білім беру ұйымдарының, спорттық және туристік клубтардың, спорттық коммерциялық ұйымдардың, дене шынықтыру ұжымдарының, оқу орындарының және мектептен тыс ұйымдардың командалары қатысады.

Команда құрамы-мектептен тыс ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің білім алушылары.

Командалардың сандық құрамы 8 адамға дейін: 4 қатысушы (3+1), оның ішінде кемінде 1 қыз; 2 қосалқы; 1 жаттықтырушы – команда өкілі, 1 төреші.

Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:

- Ересектер сыныбы – 2000-2006 ж. т.;

- Юниорлар сыныбы – 2004-2007 ж. т.;

- Ұлдар сыныбы – 2008-2010 ж. т.

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай–ақ пандемия кезең інде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін барлық қатысушылар дезинфекция режимін және бас өңірлік дәрігерлердің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет.

Чемпионатқа қатысуды растау хаты (№ 1 қосымша) 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін turismvko@mail.ru  электрондық пошта арқылы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.

Жіберуші білім беру ұйымдары басшыларының қолы қойылған, дәрігер куәландырған чемпионатқа қатысуға өтінімдер мандаттық комиссияға өткізу орнына келгеннен кейін беріледі.

Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:

– қатысушылардың (16 жасқа толмаған қатысушыларға-туу туралы куәлік) және команда өкілінің жеке куәліктерінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

оқушының осы оқу орнына тиесілігін растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы;

- разрядтар беру туралы растайтын құжаттар;

- сақтандыру полисі;

команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша бұйрық;

- судьялық санат беру туралы бұйрық.

Жарысқа медициналық мекеменің рұқсаты және сақтандыру полисібар өтінімге енгізілген қатысушылар жіберіледі.

Әр команда Чемпионат бағдарламасына сәйкес барлық жарыстарға немесе Чемпионат жарыстарына қатысуы керек.