+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Спорттық бағдарлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының ХІ жазғы гимназиядасын өткізу туралы
25 Нау, 18:29

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 30 наурызынан 1 сәуіріне дейін Өскемен қаласында спорттық бағдарлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының ХІ жазғы гимназиядасы өткізіледі.

Негізгі мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыстар «СБ бойынша жарыстарды өткізу ережелеріне» сәйкес жеке-командалық біріншілік ретінде өткізіледі. Жарыстың әрбір қатысушысының нәтижесі қатысушылардың барлық қашықтықтарды өту қорытындысы бойынша алынған ұпайлардың ең жоғары сомасы бойынша анықталады.

Жарыстарға қатысуға әр жас тобында 2 спортшыдан медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі:

Ұ. Қ. - 12, 14, 16, 18, яғни 8 қыз, 8 ұл.

Ұ. Қ. - 18 – 2 адамнан 2004-2005 жж;

Ұ. Қ. - 16 – 2 адамнан 2006-2007 жж;

Ұ. Қ. - 14 – 2 адамнан 2008-2009 жж;

Ұ. Қ. - 12 – 2 адамнан 2010 кіші.

Командалардың сандық құрамы: 16 қатысушы (8 ұл, 8 қыз), 2 жаттықтырушы-өкіл. Спорттағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернат-колледждерінің оқушылары осы жарыстарға қатысуға жіберілмейді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің білім алушылары жарыс Ережесінің талаптарын сақтаған жағдайда өздері оқитын жалпы білім беретін мектептердің атынан шығуға құқылы.

Жарыстар екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең - мектепішілік, аудандық (қаңтар-наурыз);

2 кезең – облыстық (2022 жылғы 30 наурыз-1 сәуір, Өскемен қаласы).

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай–ақ пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін барлық қатысушылар дезинфекция режимін және бас өңірлік дәрігерлердің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет.

Командалардың спорттық бағдарлау бойынша облыстық жарыстарға қатысуы туралы растау (№1 қосымша), мектепішілік, аудандық кезеңнің өткізілуі (№ 2 қосымша) туралы есеп 2022 жылғы 18 наурыз сағат 10:00-ге дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекен-жай бойынша Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, каб. 302, e-mail: vk_ocfk@mail.ru ұсынылады.

Аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектептер директорларының қолы қойылған, дәрігер куәландырған жарыстардың облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдер өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі (№3 қосымша).

Мандаттық комиссияға өтінім мен бір мезгілде:

1) қатысушының жеке куәлігі (16 жастан кіші қатысушыларға - туу туралы куәлік);

2) оқушының осы оқу орнына, спорт мектебіне тиесілігін растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (№ 4 қосымша);

3) қатысушының сақтандыру полисі.