Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылық пен қосымша білім беру дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 11-і мен 15 сәуір аралығында Өскемен қаласында Президенттік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының XI жазғы гимназиадасын өткізу жоспарлануда.
Басты мақсаты – дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жазғы президенттік көпсайыстағы жарыс жеке-командалық біріншілік түрінде өтеді. Жекелей сында жеңімпаздар жазғы президенттік көпсайыс нәтижелерін бағалау кестесі бойынша жинаған ең жоғары ұпай жиынтығы бойынша анықталады. Командалық есепте жеңімпаздар жарыс нәтижесінде барлық қатысушылар жинаған ұпайлардың ең жоғары ұпай жиынтығы бойынша есептеледі.
Жарысқа қатысуға медициналық тексеруден өткен, 2005-2006 жылы туған жәнеодан кіші Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. Әр жас тобында қыздар мен ұлдар үшін бөлек екі қатысушыдан артық қатысуға рұқсат етілмейді.
Туған жылы:
2 қыз бала, 2 ер бала 2005 – 2006 жж
2 қыз бала, 2 ер бала 2007 – 2008 жж
Командалар саны: 8 қатысушы (4 ұл, 4 қыз), 2 өкіл жаттықтырушы.
Бұлжарыстарға спорттағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернат-колледждерінің студенттеріне қатысуға рұқсат етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары жарыс ережесінің талаптарын сақтай отырып, өздері оқитын жалпы білім беретін мектептердің атынан қатысуға құқылы.
Жарыстар екі кезеңде өтеді:
1 кезең – мектепішілік, аудандық (қаңтар-сәуір);
2 кезең – облыстық (11-15 сәуір 2022 ж., Өскемен қ.).
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық қатысушылар дезинфекциялық режимді және аймақтық бас дәрігердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет.
Командалардың Президенттік көпсайыстан облыстық жарысқа қатысқанын растау (Қосымша №1), мектепішілік, аудандық кезең бойынша есеп (Қосымша № 2) 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына, тел.: 8(7232)75-15-53, е-mail: vk_ocfk@mail.ru ұсынылады.
Жарыстың облыстық кезеңіне қатысуға дәрігермен куәландырылған, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінім жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін мандаттық комиссияға тапсырылады (Қосымша №3).
Өтініммен бірге мандаттық комиссияға ұсынылады:
1) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
2) спортшының осы оқу орнына, спорт мектебіне тиесілігін растайтын фотосуреті бар сканерленген жеке карточкасы (Қосымша №4);
3) қатысушыға сақтандыру полисі.