+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстандығы балалар жылына арналған әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша IV-ші облыстық турнирін өткізу туралы
25 Нау, 17:53

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 31 наурыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстандығы балалар жылына  арналған әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша IV-ші облыстық турнирін өткізу жоспарлануда.

Облыстық турнирдің мақсаты: жас ұрпақтың арасында өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Турнир жабық жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өткізіледі, мекен-жайы: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1/2.

Турнир бағдарламасына келесі қашықтықтар кіреді:

- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

- Құрама эстафета (командалық жарыстар).

Турнирге қатысуға өтінімдерді 2022 жылдың 28 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз, мекен-жайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, e-mail: or-vpv@mail.ru, 8/7232/701516.

Команданың сандық құрамы – 6 қатысушы (15-18 жас ұлдар) және 1 жаттықтырушы – басшы.