Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беру дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18-і мен 20 сәуір аралығында Өскемен қаласында Асық ату және Бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының XI жазғы гимназиадасын өткізу жоспарлануда.
Басты мақсаты – дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жеке-командалық жарыстар 2011 жылғы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бекітілген ережелері бойынша ұлдарға арналған «Асық ату» (бес табан), «Бес асық» (қақпақыл) қыздарға арналған ережелері бойынша өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға медициналық тексеруден өткен, 2005-2006 жылы туған және одан кіші Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Командалар саны: бір қала/ауданнан (команда) 6 қатысушы (3 ұл, 3 қыз) 2 өкіл жаттықтырушы. Бұл жарыстарға спорттағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернат-колледждерінің студенттеріне қатысуға рұқсат етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары жарыс ережесінің талаптарын сақтай отырып, өздері оқитын жалпы білім беретін мектептерді ұсынуға құқылы.
(№ 3 Қосымшада)