+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеяны жүзеге асыру аясында Волейболдан «Шұбар доп» Шығыс Қазақстан облысы оқушылары арасындағы жарыстың қорытындысы
24 Нау, 19:06

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 14-18 наурыз аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында және Өскемен көпсалалы техникалық колледжінде Ұлттық мектеп лигасының «Шұбар доп» ұлдар мен қыздар арасында жарысы өтті (7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар).

Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары ұлдардан 14 команда және қыздардан 12 команда қатысты.

Барлығы - 260 қатысушы (Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандары, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі).

Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Жүлделі орындарға ие болғандар:

7-8 сынып:

Ұлдар:

1 орын – «Мектеп бөбекжай-балабақша кешені» КММ, Көкпекті ауданы;

2 орын –  «№23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Семей қаласы;

3 орын – «Р. Марсеков ат. орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.

Қыздар:

1 орын – «№1 Самар орта мектебі» КММ, Көкпекті ауданы;

2 орын – «№23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Семей қаласы;

3 орын – «А. Байтұрсынұлы ат. №47 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Семей қаласы.

 

9-11 сынып:

Ұлдар:

1 орын –  «Ж. Болғанбаев ат. Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы;

2 орын – «№23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Семей қаласы;

3 орын – КГУ «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ, Тарбағатай ауданы.

Қыздар:

1 место – «С. Сейфуллина ат. орта мектеп-бақшасы» КММ, Үржар ауданы;

2 орын – «Сосновка орта мектебі» КММ, Бесқарағай ауданы;

3 орын – «Ж. Болғанбаев ат. Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы.

         Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз.