2022 жылдың 24-29 наурызы аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіледі.
Олимпиада электронды форматта прокторинг жүйесін қолдану арқылы «Oqylyq» платформасында өткізіледі. Олимпиада өткізу процесін онлайн режимде бақылау үшін, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Олимпиада 15 пәннен 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) өтеді.
Олимпиадаға аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, 9-11 сыныптардың 700 астам оқушысы, сонымен қатар облыстың олимпиадалық резерв мүшелері қатысады.
24-25 наурызда олимпиада Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында жаратылыстану-математикалық бағытта «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндерінен;
28-29 наурызда қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Қазақстан тарихы», «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Адам. Қоғам. Құқық.», «Өзін-өзі тану» пәндерінен өткізіледі.