Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының жеңімпаздары қатысты.
Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
-
«Халық биі және халықтық стильденген би»;
2) «Заманауи би».
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын - Катонқарағай ауданының «Шұғыла» хореографиялық ұжымы;
IІ орын – Катонқарағай ауданының «Energy» хореографиялық тобы;
IIІ орын - Глубокое ауданының «Искорки» хореографиялық тобы, Күршім ауданының «Ля-ля-фа» би тобы.
І орын иегерлері фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне облысымыздың атынан қатысатын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

