Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестивальдің мақсаты – үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Фестивальдің облыстық кезеңіне жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының жеңімпаздары қатысты.
Фестивальға 151 аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Фестиваль 10 номинация бойынша өткізілді:деректі (ойынды емес) кино, ойынды кино, STOP-MOTION - видео, өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім, анимациялық кино, музыкалық клип, телевизиялық сюжет, киножурнал, ең үздік операторлық жұмыс, ғылыми кино.
Фестиваль қорытындысы бойынша 75 жеңімпаз анықталды: Бас жүлде – 10, I орын – 12, II орын – 23, III орын – 30.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!


