+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақ күресінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
15 Нау, 16:35

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 10-11 наурызы аралығында Өскемен қаласында Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының іріктеу жарысы өтті.

Жарыс 2020 жылы «Qazaq kuresi» қауымдастығы бекіткен халықаралық ережелер бойынша өткізілді.

Жарысқа 36 оқушыны қамтитын аудан/қалалардан ұлдар мен қыздар қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 18 спортшы жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!