+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу туралы
11 Нау, 18:07

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 20-21 сәуірі аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын (бұдан әрі – Форум) өткізу жоспарлануда.

Форум қашықтық форматта өткізіледі.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынаста тәрбиелеу.

Форумның номинациялары:

  • «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»;
     
  • «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы;
     
  • «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;
     
  • «Eko-Bolashak» номинациясы – жүргізілген экологиялық жұмыстардың бейнебаян презентациясы;
     
  • «GREEN OASES» номинациясы ландшафтық жобалар байқауы;
     
  • «Туған өлкенің бояулары» номинациясы – электрондық экологиялық ашық хат. 
     

Форум үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Форум;

Екінші кезең (іріктеу) – аудандық / қалалық Форум;

Үшінші кезең (қорытынды) – облыстық Форум (20-21 сәуір, 2022 жыл, қашықтықтан).

Номинациялар бойынша барынша жоғарғы балл жинаған қатысушылар 2022 жылдың маусым айында өтетін «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумына жолдама алады.

Форумға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен  қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 12-17 жастағы оқушылар (2022 жылдың мамыр-маусым айларында!).

Топтың құрамы әр аудан/қаладан 10 оқушы және 1 өкіл болуы қажет.

Білім бөлімдері басшыларның және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған қатысу туралы хатты және конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жолдау қажет, тел. 8 (7232) 75-15-53, е-mail: turismvko@mail.ru.

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Форумның аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының Форумның облыстық кезеңіне өтінімі (Қосымша 1);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелері;

3) www.youtube.comсайтына жүктелген бейнематериалдардың сілтемесі.