Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Фестиваль-байқауға балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) бөлімдерінің білім алушы – солистері мен ұжымдарынан аудандық, қалалық кезеңдерінің 173 жеңімпазы қатысты.
Жеке орындаушылар мен музыкалық ұжымдардың өнер көрсетулері бойынша қатысушылардың музыкалық қабілеттерін С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің, Өскемен қаласы №1 музыкалық мектебінің білікті оқытушылары бағалады.
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша 47 жеңімпаз анықталды: Бас жүлде – 15, I орын – 8, II орын – 12, III орын - 12. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Фестиваль байқауда бас жүлдеге ие болған облыстық кезеңнің жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық кезеңге қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!