ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 27-28 сәуірінде «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізуді жоспарлап отыр.
Слет қашықтық форматта өткізіледі.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізіледі.
I. Өлкетану блогы.
1) «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып және өнер; туризм-спорт, денсаулық, демалыс; Өшпейтін жұлдыздар; туған өлке соқпақтары бағыттары іздеу-зерттеу жұмысының жобаларын таныстыру.
II. Туристік блок.
2) «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – үш кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өту бейнероликтер байқауы: аспалы өткел; параллель таяныштар; маятник.
3) «Туристік түйіндер» номинациясы – туристік түйіндерді байлау.
III. Шығармашылық блок.
4) «Бард әндері» байқауы. Орындау уақыты – 5 минуттан артық емес. Әр өңір бір (1 қатысушы) нөмірден көрсетеді. Негізгі музыкалық аспап – гитара.
Слет үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Слет;
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық Слет;
Үшінші кезең - облыстық Слет (2022 жылғы 27-28 сәуір, қашықтықтан).
Номинациялар бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар 2022 жылғы 21-23 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысады.
Слеттің облыстық кезеңіне облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 6-10 сыныптар (2022 жылдың қыркүйегіне 12-17 жас).
Топтың сандық құрамы әр аудан/қаладан - 10 білім алушы және 1 басшы.
Білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерініңдиректорларының қолы қойылған слетке қатысу туралы хат, сондай-ақ қатысушылардың конкурстық жұмыстары turismvko@mail.ru электрондық поштасы арқылы 2022 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады.
Хатқа қоса берілуі керек:
1) облыстық слетке аудандық/қалалық кезең жеңімпаздарының қатысуы туралы өтінім (№1 қосымша);
2) топ қатысушылары мен басшысының жеке басын куәландыратын сканерленген құжаттар;
3) www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалдарға сілтемелер және конкурстық жұмыстар.